🎯 «Математикалық сауаттылық» ҰБТ-ға жүйелі дайындық курсы
ҰБТ-дағы Математикалық сауаттылықтан максималды балл жинауға арналған авторлық бағдарлама!
Математикалық сауаттылық — бұл құрғақ формулаларды жаттау емес, есептерді логикалық жолмен жылдам әрі дұрыс шешу шеберлігі. Бұл курста біз формулаларды жаттатпаймыз, есептің түп-тамырын түсініп, уақытты үнемдеудің лайфхактарын үйретеміз.
📌 Курс форматы мен кестесі
- Оқыту қарқыны: Аптасына 2 сағат
- Формат: Онлайн
- Дайындық жүйесі: Теория + Типтік есептер талдауы + Аралық сынақ емтихандары.
- Мақсат: ҰБТ спецификациясына сай келетін тапсырмаларды уақытқа шешіп үйрену.
📚 Курс бағдарламасы (4 негізгі модуль)
Курс мазмұны ҰБТ спецификациясының 4 негізгі бағытын толық қамтиды:
1-модуль: Сандық пайымдаулар мен логика
- Сандық мәндері бар логикалық есептер.
- Текстік есептерді теңдеулер мен әріпті өрнектер арқылы шешу.
- Пайыздарға арналған есептер және бағанды/дөңгелек диаграммаларды талдау.
2-модуль: Статистика, комбинаторика және ықтималдық
- Арифметикалық орта, медиана, мода және ауқым (размах).
- Кестелер, гистограммалар мен жиілік полигондарымен жұмыс.
- Жиындар теориясы, комбинаторика мен ықтималдықтар теориясының негіздері.
3-модуль: Тәуелділіктер мен сандық тізбектер
- Шамалардың бір-біріне тәуелділігіне байланысты логикалық есептер.
- Сандық тізбектер мен заңдылықтарды анықтау.
- Кестедегі күрделі деректерді сараптау.
4-модуль: Кеңістік пен пішін (Геометриялық логика)
- Стандартты және нестандартты геометриялық есептер.
- Жазық фигуралардың ауданы мен периметрін табу.
- Көлемді геометриялық денелердің бетінің ауданын есептеу.
💡 Курстың артықшылықтары мен ерекшеліктері
- Жүйелі оқыту: Сабақтар базалық деңгейден (A – 50%) басталып, орташа (B – 30%) және күрделі логикалық деңгейге (C – 20%) дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі.
- Уақытты басқару (Time-management): ҰБТ-да әр есепке орташа 2 минут беріледі. Біз есептерді 30-40 секундта шешудің тиімді әдістерін үйретеміз.
- Қатемен жұмыс: Апта сайын өтілген тақырыптар бойынша байқау сынақтары өтіп, әр оқушының жіберген қателігі жеке талданады.
- Қолжетімді конспектілер: Бөлек формулалар мен лайфхактар жинағы ұсынылады.
🎯 Бұл курс кімдерге арналған?
- ҰБТ-ға дайындалып жүрген 10–11 сынып оқушыларына.
- Математикалық сауаттылықтан ең жоғары балл алғысы келетіндерге.
- Мәтіндік және логикалық есептерден қиналатын оқушыларға.